Қала күніне орай Алматы халықаралық әуежайында шетелдік туристерге арналған арнайы қарсы алу бағдарламасы ұйымдастырылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бағдарлама туралы ақпаратты қалалық әкімдік таратты.

Қонақтарды ұлттық киіммен қарсы алды

Хабарламаға сәйкес, әуежайға келген қонақтарды ұлттық киім киген батырлар мен хостестер қарсы алды.

Туристерге қала нышандары бейнеленген сыйлықтар – мерекелік безендірілген Алматы апорты мен қаланың көрікті жерлері бейнеленген кәдесыйлар табысталды.

Фотоаймақ жұмыс істеді

Сондай-ақ, әуежайда тақырыптық фотоаймақ жұмыс істеді. Қонақтар ұлттық образдағы бағдарлама қатысушыларымен бірге суретке түсіп, сол жерде басып шығарылған фотосуреттерді естелікке алды.