Биыл тамызда Алматы әуежайында Оңтүстік-Шығыс Азиядан аса ірі мөлшерде есірткі әкелудің үш әрекетіне тосқауыл қойылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, шетелдік азаматтардың жол жүгін тексеру барысында косметикалық өнімдерге жасырылған ыдыстардан "марихуана", "каннабис шайыры" және "гашиш майы" табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 32 килограмнан асты.

Аталған фактілер бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін тергеу бағыты бойынша құзыретті органдарға жолданды.