Алматы халықаралық әуежайында FlyArystan әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету кезінде өрт шығып, бір адам зардап шекті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Air Astana компаниясының мәліметінше, техникалық қызмет көрсету жұмыстары барысында шағын аумақта өрт болған. Оны әуежайдың жедел қызметтері дереу сөндірген.
Air Astana тобының қызметкері жарақат алып, оған медициналық көмек көрсетілген. Кейін ол ауруханадан шығарылған.
Оқиға кезінде әуе кемесінің бортында жолаушылар да, экипаж мүшелері де болмаған. Қазіргі уақытта әуе кемесіне қаншалықты зақым келгені анықталып жатыр.
Қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ұшақ пайдаланудан уақытша шығарылды.
