Қытайлық Alibaba компаниясы АҚШ Қорғаныс министрлігін «қытайлық әскери компания» деп белгілегені үшін сотқа берді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Alibaba өзін әскери компания деп санамайтынын және бұл белгілеудің компанияның беделіне нұқсан келтіретінін мәлімдеді. Сот ісі АҚШ федералды сотында қаралатын болады.