Қазақстандық спортшы Альфия Тілекқабыл пара дзюдодан әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
J1 санатында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Альфия Тілекқабыл финалдық белдесуде Бразилия өкілі Де Андрадені иппон әдісімен жеңді.
Сонымен қатар Алықын Нұрдәулетов күміс, Ибрагим Нұрмаханұлы қола жүлде еншіледі.
