Қазақстандық спортшылар тас жолдағы велоспортта топ жарды. Алексей Луценко Айти–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында екінші алтын медалін жеңіп алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы тасжолдағы велоспорттан ерлер арасындағы 160,5 шақырымдық топтық жарыста мәреге бірінші болып жетті.
Луценконың нәтижесі – 4 сағат 13 минут 11 секунд.
Осылайша, Алексей Луценко Азия ойындары-2026 додасында алтын дубль жасап, құрлықтық додадағы чемпиондық атақтарының санын алтыға жеткізді.
Қазақстандық велошабандоз Азия ойындарына төртінші рет қатысып отыр.
Ол алғашқы алтынын 2014 жылы Инчхонда жекелей сында жеңіп алды. 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында Луценко жекелей және топтық жарыста екі алтын медаль иеленді.
Ханчжоудағы Азия ойындарында жекелей сында тағы да чемпион атанып, топтық жарыста күміс жүлде жеңіп алды.
Енді Жапонияда спортшы өз жүлде қоржынына тағы екі алтын медаль қосты.
