Алексей Луценко Айти–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының екінші алтын медалін жеңіп алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Алексей Луценко үшін бұл — мансабындағы төртінші Азия ойындары, ал құрлықтың басты додасында жеңіп алған бесінші алтын медалі.

Жарыс нәтижелері:

  • 01Алексей Луценко — 41:24.05;
  • 02Шунсукэ Имамура — 42:58.04;
  • 03Сайнбаяр Джамбальямц — 42:58.06.

Бұған дейін отандасымыз 2014, 2018 және 2023 жылдардағы Азия ойындарында да чемпион атанған.

Алексей Луценко сондай-ақ 2017 жылғы Азия чемпионы және 2012 жылғы 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионы.

Еске салайық, XX жазғы Азия ойындары Айти–Нагояда 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтіп жатыр.