Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Уимблдон-2026 «Үлкен дулыға» санатындағы турнирдің үшінші айналымында жеңіске жетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол ATP рейтингінде 19-орында тұрған америкалық Фрэнсис Тиафомен кездесті. Теннисшілер кортта 4 сағат 10 минут өнер көрсетті. Осы уақыт ішінде Бублик 48 эйс жасап, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.
Нәтижесінде Бублик бес сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті. Енді ширек финал жолдамасы үшін ол әлемнің жетінші ракеткасы америкалық Тейлор Фрицпен кездеседі.
