Үкіметте Алатау қаласында тұрақты авиациялық отын өндіру жөніндегі экожүйені құру туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Құжат тұрақты авиациялық отын өндіру бойынша – ауыл шаруашылығы шикізатын өсіруден бастап оны қайта өңдеуге және дайын өнімді шығаруға дейінгі интеграцияланған экожүйені құруды пысықтауды көздейді.

Сондай-ақ тараптар энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру және жаңартылатын энергия көздерін интеграциялау үшін ақылды энергетика мен никель-сутекті энергия жинақтау жүйелері саласындағы шешімдерді енгізу мүмкіндіктерін зерделейді.

Жобаны Alatau City Authority, Қазақстан Республикасының Энергетика, Ауыл шаруашылығы және Көлік министрліктері мен Full Vision Capital компаниясы жүзеге асырады.