Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласындағы сот жүйесіне қатысты ұсыныс жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Президенттің айтуынша, Алатауды тиімді дамыту үшін сапалы сот төрелігі болуы шарт. Ол бүгінгі Жолдауында сот жүйесін жетілдіруге қатысты нақты бастамаларды жариялады.
Инвестициялық сот ағылшын моделі негізінде жұмыс істейді
«Ағылшын моделі негізіндегі инвестициялық сот коммерциялық істерді қарайды. Ал арнайы құқықтық режимге қатысты басқа мәселелерді Азаматтық соттың құзіретіне кіреді», — деді Тоқаев бүгінгі Жолдауында.
Бұл бастама Алатау қаласының инвестициялық тартымдылығын арттыруға және коммерциялық дауларды халықаралық стандарттарға сай шешуге бағытталған.
Үкіметке нақты мерзім қойылды
Үкімет 2027 жылы қаңтардың соңына дейін «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» конституциялық заңға енгізілетін өзгерістерді әзірлеуі керек. Бұл тапсырма Жолдау барысында нақты белгіленді.
Айта кетері, Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимарат – Iconic Complex көпфункционалды кешенінің іргетасын қалау рәсімі өткен болатын. Бұл қаланың дамуының нақты басталғанын көрсетеді.
Сонымен қатар, келесі жылдан бастап шағын бизнесті тексеруге тағы үш жылдық мораторий енгізілуі мүмкін екені де белгілі болды. Бұл туралы Жолдау аясында айтылды.
