Алатау қалалық кеңесінде қаланы дамыту мен басқарудың стратегиялық мәселелері қаралды, деп хабарлады Үкімет. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Күн тәртібінде қаралған басты мәселелердің бірі – Алатауды дамытудың алдағы 30 жылға арналған ұзақмерзімді жоспарының жобасы», - деп жазылған хабарламада.
Жоспар болашақ технологияларға бейімделе алатын және өмір сүруге қолайлы жағдайлар мен бизнесті жүргізу үшін болжамды жағдайларды қамтамасыз ете алатын заманауи, инвестициялық тартымды және тұрақты қаланы құруға негіз қалайды.
«Жоспар жобасын әзірлеудегі негізгі міндет қаланың біртұтас әрі теңдестірілген моделін құру болды, онда экономикалық даму, көлікке қол жетімділік және инфрақұрылым мен қалалық ортаның сапасы тығыз байланыстырылған», - дейді Үкіметте.
Отырыс барысында Алатау қаласының арнайы режимінің құқықтық негізін қалыптастыруға бағытталған екі Реттеуші ереженің жобасы да қаралды.
«Бірінші құжат нормативтік құқықтық актілерге бірыңғай талаптарды, оларды әзірлеу, қабылдау және қолдану тәртібін белгілейді», - деп хабарлады Үкімет.
