Жаңа қала Alatau City-де жалпы құны 4,3 млрд доллар болатын 53 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жобалардың ішінде өндіріс, логистика, қызмет көрсету және инновация салаларындағы ірі жобалар бар. Жаңа қала Алматы облысының аумағында салынып жатыр және оның инфрақұрылымына ерекше көңіл бөлінеді.

Инвестициялық жобалардың іске асырылуы жаңа жұмыс орындарын құруға және аймақтың экономикалық дамуына ықпал етеді. Жобалардың көпшілігі 2027-2028 жылдары аяқталады деп жоспарлануда.