Алакөл көліндегі аралдан төрт балықшы эвакуацияланды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Жетісу облысының Алакөл ауданында, Ақши ауылының маңында болды. Балықшылар көлдің сол жағалауындағы аралда болып, өздігінен жағаға қайта алмағандықтан, құтқарушылардан көмек сұраған.
ҚР ТЖМ қызметкерлері төртеуін де жағаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.
Ведомство суға шығар алдында ауа райы жағдайын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салды.
Бұған дейін «Курсив» Маңғыстау облысында құтқарушылар 2004 жылы туған қызды жағаға жеткізгенін хабарлаған. Оны «Кендерлі» демалыс базасының маңында теңізге шамамен 200 метрге алып кеткен. Оған да медициналық көмек қажет болмаған.
