Алакөлде демалып жүрген әйелді катер қағып, ол екі аяғынан айырылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, көлде шомылып жүрген әйелді кері қозғалып келе жатқан катер жарақаттаған. Зардап шеккен зейнеткер шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Алған жарақаттарының ауырлығына байланысты дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін екі аяғын ампутациялауға мәжбүр болды. Дәрігерлердің айтуынша, қазір әйелдің жағдайы өте ауыр.
Жетісу облысы полициясының мәліметінше, оқиға Көктума ауылындағы Алакөл жағасында болған. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. "Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - дейді полицейлер.
