Ақтөбе облысында жастар арасында болған жаппай төбелес бір адамның өліміне әкеп соқты, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл ақпаратты өңірлік полиция департаменті растады.
««Жастар арасындағы жанжал салдарынан бір қатысушының көз жұмуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Жанжалға қатысқандардың барлығы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді», – делінген хабарламада.»
—
Полиция өкілдері оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаның әрекетіне заң аясында құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.
««Тергеу барысы полиция департаменті бастығының бақылауында. Кінәлі адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады», – деп атап өтті ведомстводан.»
—
«Диапазон» басылымының жазуынша, марқұм болған жігіт 17 жаста болған. Ұсталғандардың да сол жаста екені айтылады. Бұған дейін әлеуметтік желіде жаппай төбелес кезінде қару қолданылғаны туралы ақпарат тараған, бірақ полиция бұл мәліметке қатысты түсініктеме берген жоқ.
