Ақтөбе облысында 99 кәмелетке толмаған қыз жүкті болып қалды. Олардың басым бөлігі 17-18 жаста болса, ең жасы небәрі 14-те екен, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.

«Диапазон» басылымының дерегінше, былтыр бұл көрсеткіш 107-ні құраған.

Балалар гинекологы Салтанат Түбілбаеваның айтуынша, жүкті болып қалған қыздардың 97-98%-ы баланы өмірге әкелуге шешім қабылдайды, ал 17 жастағылар тұрмысқа шығады екен.

««Жас ағза үшін мұндай жаста бала көтеру – өте ауыр жүктеме. Жас аналарда асқынулар 2-3 есе жиі кездеседі. Сәбилер көбіне аз салмақпен дүниеге келеді», – деп ескертті дәрігер.»