Мәскеу мен Баку 2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау маңында апатқа ұшыраған Embraer 190 жолаушылар ұшағы үшін өтемақы төлеуге келісті, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.

Әуе апатына Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің байқаусызда жасаған әрекеті себеп болған. Бұл мәселе екі ел президенттерінің деңгейінде шешілді.

Бакуден Грозныйға бет алған рейс апатынан 39 адам қаза тапты. Олардың арасында Әзербайжан, Ресей, Қазақстан және Қырғызстан азаматтары болған.

Ресми тергеудің қорытындысы алдағы айларда жарияланады деп жоспарланып отыр. Тараптар бұл келісім мемлекетаралық қатынастарды одан әрі нығайтуға бағытталғанын мәлімдеді.