Оманның Сыртқы істер министрі Бадр Әлбусайди АҚШ-ты Иранмен арадағы қақтығысты тоқтатуға шақырды, оның ойынша, бұл соғыс Вашингтонның өзіне қажет емес, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.

The Economist басылымына сұхбат берген министр соңғы үш аптада екі ел арасындағы шиеленісті бәсеңдету үшін негізгі делдал рөлін атқарып келеді. Оның айтуынша, соңғы 9 айда АҚШ пен Иран екі рет ашық соғыс бастауға шақ қалған.

Әлбусайдидің сөзінше, Иран жауап ретінде аймақтағы америкалық нысандарға соққы берген соң, Парсы шығанағы елдерінің қауіпсіздігіне тікелей қатер төнді. Бұл жағдай аймақ экономикасына, әсіресе туризм мен авиация саласына ауыр соққы болып тиді. Сондай-ақ Ормуз бұғазындағы тұрақсыздық мұнай бағасының өсуіне алып келді.

«Бұл соғыс АҚШ үшін өте қымбатқа түсіп отыр. Сондықтан Вашингтон қақтығысты тезірек тоқтатуға мүдделі. Одақтастар АҚШ-ты өзіне қажетсіз соғыстан қалай да алып шығуы керек. Бұл соғыста жеңімпаз болмайды, жалғыз шешім – дипломатия.»

Айта кетерлігі, кеше Мәскеу Тегеранды Наурыз мейрамымен құттықтап, «Біз сіздермен біргеміз» деп мәлімдеме жасады.