АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранға соққы беруді екі аптаға тоқтататынын мәлімдеді, Тегеран мұны жеңіс деп атап, келіссөздер басталатынын растады, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
Трамп Truth Social желісінде Пәкістан премьер-министрімен сөйлескеннен кейін осындай шешім қабылдағанын жазды. Оның айтуынша, АҚШ әскери міндеттерін «артығымен орындаған».
Сонымен қатар АҚШ Президенті Тегераннан 10 тармақтан тұратын ұсыныс алғанын да атап өтті.
««Бұл — келіссөздер жүргізу үшін қолайлы негіз», — деді Дональд Трамп.»
—
Иран бұл мәлімдемеден кейін АҚШ-ты жеңгенін жариялады. Сондай-ақ ресми Тегеран 10 сәуірде Пәкістан астанасында келіссөздер басталатынын растады. Кездесу екі аптаға созылады, бірақ тараптар келіссе, мерзімі ұзартылуы мүмкін.
