Иран АҚШ тарапынан шабуыл жасалса, әлемдік сауданың күретамыры саналатын Ормұз бұғазын жауып тастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
Иран билігінің бұл уәдесі құр сөз емес, себебі елдің әскери-теңіз күштері бұғазды кез келген сәтте миналап, кеме қатынасын тоқтатуға дайын тұр. Егер Ормұз бұғазы жабылса, әлемдік экономика ауыр дағдарысқа ұшырайды.
«Себебі, әлемдік шикі мұнайдың 35%-ы, табиғи газдың 20%-ы, газ өнімдерінің 26%-ы, химиялық өнімдердің 15%-ы, тыңайтқыштардың 16%-ы және азық-түліктің 14%-ы дәл осы су жолы арқылы тасымалданады.»
—
