Германияның Франкфурт қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан әлем чемпионатында жеке көпсайыстың финалы аяқталды. 16 жасар қазақстандық спортшы Акмарал Ерекешева алтыншы орынға ие болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Төрт жаттығудың қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 115,800 ұпай жинап, 18 финалист арасында алтыншы сатыға тұрақтады.
Жеңісті 2024 жылғы Олимпиада чемпионы неміс гимнасткасы Дарья Варфоломеев (119,500) қанжығалады. Екінші орынды 2023 жылғы әлем чемпионы болгариялық Стилиана Николова (117,600) иеленді. Үшінші сатыда 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері италиялық София Раффаэли (117,550) орналасты.
Айта кету керек, Ерекешева үшін бұл әлем біріншілігі ересектер деңгейіндегі дебют болды. Сондай-ақ қазақстандық гимнаст булавалармен және лентамен жаттығулар финалында өнер көрсетеді.
Көркем гимнастикадан әлем чемпионаты Франкфуртте (Германия) 12-16 тамыз аралығында өтіп жатыр. Оған 78 елдің спортшылары қатысуда. Барлығы тоғыз медаль жиынтығы ойнатылады. Қазақстан құрамасының құрамы осында көрсетілген.
Бишкекте мамыр айында өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы бес күміс және төрт қола медаль жеңіп алды.
