Қазақстанның әйелдер құрамасы Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында өз тарихындағы алғашқы медалін жеңіп алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Спортшы Айша Абдималик команда қоржынына күміс жүлдені салды. Ол 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда моңғолиялық Ариунзул Болдбаатарға есе жіберді.

Ал Аянат Мейнамбай 49 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін күресте америкалық Исла Сильваға ұтылды.

Бұған дейін Айша Абдималик U17 әлем чемпионатының финалына шыққаны хабарланған болатын.