Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай өз орынбасарларын ұсынды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Заң бойынша төрағаның үш орынбасары сайланады. Олардың кандидатурасын спикердің өзі ұсынады. Айбек Дәдебай үш адамды ұсынды: Нұрлан Бекназаров, Дания Еспаева мен Динара Зәкиева.
Депутаттар барлық кандидатты бірауыздан қолдады. Айта кетері, төраға орынбасарларының екеуі - Нұрлан Бекназаров пен Динара Зәкиева "Әділет" партиясынан депутат болып сайланған. Ал Дания Еспаева - "Ақ жол" партиясының төрағасы.
