Алматыдан Астанаға ұшқан Air Astana жолаушылар ұшағы әуежайға қайта оралды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұшақтың діттеген жеріне жете алмағандығы туралы жолаушылардың бірі әлеуметтік желіде жариялады. Оның айтуынша, ұшақ не Астана, не Қарағандыға қона алмаған.

«Алматыдан Астанаға ұштық, бірақ ұшақ қона алмады. Борт Қарағанды әуежайына жіберілді, бірақ ол жерге қону мүмкін болмады. Кейбір жолаушылардың қысымы көтеріліп, балалар жылады. Нәтижесінде борт Алматыға оралды», - деп жазды жолаушы.

Ұшақтың қона алмағанын Air Astana компаниясы растады. «Астана мен Қарағандыда қолайсыз метеожағдайларға байланысты бүгін Алматы-Астана бағыты бойынша КС 641 рейсін орындаған ұшақ Алматыға оралды және жақын арада ұшу жоспарлан», - деп жазды әуе компаниясы.