Алматы қаласының апелляциялық соты «Эйр Астана» АҚ-ның қаражатын ұрлау және заңдастыру ісі бойынша резонанстық үкімді өзгеріссіз қалдырды. Қорғаушы тараптың шағымдары қанағаттандырылмады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы екі айыпталушы 8 жыл 6 ай мерзімге сотталды.

«Барлық сотталғандарға мүлік тәркілеу және коммерциялық ұйымдарда лауазымдарды атқаруға 5 жыл мерзімге тыйым салу жазасы тағайындалды», – деп хабарлады прокуратура.

Сот авиакомпанияның 1 млрд теңгеден астам сомадағы талабын қанағаттандырды. Бұл залалды өтеу үшін сотталғандардың мүлкі тәркіленеді.

Бұған дейін «Курсив» Air Astana-ның Лондон қор биржасындағы (LSE) бағалы қағаздарының сауда үлесі 2026 жылдың алғашқы айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өскенін жазған болатын. Сондай-ақ Қазақстан миноритарлық акционерлер қауымдастығы (QAMS) авиатасымалдаушы басшылығына сауда көлемінің төмендігіне байланысты шетелдік листинг алаңын ауыстыруды қарастыруды ұсынған еді.