Air Astana Алматыдан Токиоға тікелей рейстерді іске қосады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әуе компаниясының мәліметінше, алғашқы рейс Алматыдан 30 қарашада, ал кері рейс Токиодан 1 желтоқсанда орындалады. Airbus A321LR ұшақтары аптасына екі рет Токио халықаралық әуежайына қатынайды.

Рейс кестесі

Рейс кестесі жергілікті уақыт бойынша мынадай:

  • 01Алматы – Токио, KC171 – дүйсенбі және бейсенбі күндері Алматыдан сағат 21:55-те ұшып, келесі күні сағат 09:25-те Токиоға қонады.
  • 02Токио – Алматы, KC172 – сейсенбі және жұма күндері Токиодан сағат 10:55-те ұшып, Алматыға сағат 16:20-да жетеді.

Алматыдан Токиоға ұшу ұзақтығы – 7 сағат 30 минут, ал кері бағытта – 9 сағат 25 минут.

Код-шеринг және билет бағалары

Air Astana мен Japan Airlines арасындағы қазіргі серіктестік шеңберінде Токио (Нарита) мен Алматы арасындағы рейстер код-шеринг режимінде орындалады.

Екі бағыттағы билеттің ең төменгі бағасы эконом-класта 350 552 теңгеден, бизнес-класта 1 398 918 теңгеден басталады.

Билеттерді Air Astana-ның ресми сайты, мобильді қосымшасы және аккредиттелген туристік агенттіктер арқылы сатып алуға болады.