Астанада AI & Digital Bridge Awards 2026 сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда жыл сайын жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы үздік жобаларға бірнеше аталым бойынша марапат тапсырылады.

Биылғы жеңімпаздар

  • 01eGov.GPT — GovTech Project of the Year;
  • 02GoPrep — EdTech Project of the Year;
  • 03Rette — Startup of the Year;
  • 04Aventa — Corporate AI — Transformation of the Year;
  • 05Higgsfield AI — International Breakthrough of the Year;
  • 06MA7 Ventures — VC of the Year;
  • 07ōzen — Creative Industry Project of the Year.

GoPrep платформасы

Мәселен, GoPrep платформасы оқушыларға IELTS емтиханына дайындалуға көмектеседі. Осы уақытқа дейін GoPrep-ті 139 елден 31 мыңнан астам оқушы қолданған.

Rette стартапы

Rette стартапы негізінде медициналық құжаттар автоматты түрде тексеріледі. Оны Қазақстандағы 30-ға жуық клиника пайдаланады.

Higgsfield AI

Ал қазақстандық Higgsfield AI платформасында 30 млн адам тіркелген. Оның көмегімен сапалы әрі шынайы видеолар жасалады.

Іріктеу тәртібі

Айта кетері, үздік жобаларды алдымен жасанды интеллект іріктеген. Одан кейін әрбір жобаны қазылар алқасы қараған.