Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі (АФМ) департаментінің қызметкерлері ірі онлайн-казино «Nomad Poker»-дің қызметін тоқтатты. Ұйымдастырушылар шетелде әрекет етіп, шетелдік дропперлер желісін пайдаланған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
АФМ мәліметінше, «Club GG Poker» қосымшасына негізделген ойын платформасын Грузияда жүрген Қазақстан азаматтары құрып, үйлестірген. Бұл оларға жеке басын жасыруға және ақша іздерін шатастыруға мүмкіндік берген.
Ақша қабылдау және ұтыстарды шығару үшін қылмыскерлер Қазақстанға шетелдіктерді ұйымдасқан түрде әкелген. Оларға $400-ге дейін төлем үшін банк карталары мен мобильді банкинг ресімделген. Тергеу барысында 60-тан астам осындай дроп-шот анықталды.
Казино әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жарнамаланған. Құмар ойындарға 20 мыңнан астам пайдаланушы тартылған, ал ставкалардың жалпы көлемі 7,5 млрд теңгеден асқан.
Тергеу аясында сот санкциясымен ұйымдастырушылардың мүлкі мен активтеріне тыйым салынды:
- 0110 жер учаскесі;
- 025 үй;
- 035 көлік құралы;
- 042 коммерциялық жылжымайтын мүлік нысаны;
- 054,5 млн теңгеге жуық қаражат.
Тергеу әрекеттері жалғасуда.
