Грекияның Афина қаласының солтүстік-батысындағы орман өртін сөндіру жұмыстары төртінші күні жалғасуда. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт сөндірушілер мен еріктілер әлі де жалынмен күресіп жатыр. Қазіргі уақытта өрттің ауқымы мен зардап шеккендер туралы толық ақпарат жоқ. Жергілікті билік өрттің таралуын болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.