Грекияның Афина қаласының батысында екі өрт сөндіру тікұшағы соқтығысты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға жергілікті уақыт бойынша 2 тамызда болды. Тікұшақтар өрт сөндіру жұмыстары кезінде ауада соқтығысқан. Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, зардап шеккендерге көмек көрсетуде.
Толық ақпарат әзірге жарияланған жоқ. Reuters агенттігі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
