Астанада қауіпті пранк ұйымдастырған блогер 10 тәулікке қамауға алынды. Ол өзін әскери қызметкер ретінде таныстырып, азаматты алдаған. Видео әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбада «әскерге шақырылушының» қашуға әрекеттенген кезінде суға секіргені, кейін оның дер кезінде құтқарылғаны көрсетілген. Кейін бұл көрініс әлеуметтік желіге ойын-сауық мақсатында түсірілген пранк болғаны анықталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Алайда тәртіп сақшылары осы фактіге қатысты тиісті шаралар қабылдады. «27 жастағы азамат ұсақ бұзақылық жасап, арнайы нысанды киім мен айырым белгілері бар форманы заңсыз кигені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - дейді полицияда.
Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
