Фото: adyrna.kz

Әскерде белгісіз жағдайда басынан жарақатын алып, комаға түскен сарбаз Ербаян Мұхтар Түркияда емнің келесі кезеңін аяқтап, Астанаға келді. Ербаянның басына ота жасалған, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

«“Қазір жағдайы тұрақты. Дәрігерлер өткен емнің әсерін көру үшін кемінде 3 ай қажет екенін айтты. Осыдан кейін Ербаян қайтадан Ыстамбұлға барып, оңалтудан өтеді”, – деп жазды Ербаян Мұхтардың заңды өкілі, журналист Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында.»

—

Сонымен қатар ол жарақат ауыр болғандықтан емнің нәтижесін бірден көру мүмкін емес екенін жеткізді.

«“Бірақ Ербаян өмір үшін күресіп жатыр, ал сіздердің қолдауларыңыз оған күш береді”, – делінген жазбада.»

—