Сағат 14:00-де Жамбыл ауданы (Алматы облысы) Үлкен ауылындағы №332 референдум учаскесінде тұрғындардың 70 пайыздан астамы дауыс берді. Ауыл тұрғындарының белсенділігі таң қалдырады: қазірдің өзінде 775 адам дауыс беріп үлгерді.
««Бүгін біз референдумның барлық қазақстандықтар үшін маңыздылығын байқап отырмыз, сайлау учаскесінде бәрі әдеттегідей өтуде, ешқандай заң бұзушылықтар тіркелген жоқ», — деп атап өтті Үлкендегі референдум учаскелік комиссиясының төрағасы Әлия Үкібаева.»
—
Алматы облысында барлығы 643 референдум өткізу учаскесі ашылып, жұмысы тоқтаусыз жалғасуда. Республикалық референдумды өткізуге 655 референдум комиссиясы қатысады, оның ішінде облыстық және 11 аумақтық комиссиялар бар.