Қазақстанда болашақ АЭС алаңындағы инженерлік зерттеу жұмыстары аяқталып қалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"Росатом" басшысы Алексей Лихачевтің мәліметінше, 2027 жылы "Росатом" Қазақстандағы "Балқаш" АЭС-інің негізгі құрылысын бастайды. Ол сондай-ақ қазір мемлекеттік корпорация 15 елмен энергоблоктар салу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты.
Ал алты елмен жалпы 17 энергоблок салу туралы келісім жасалған.
