Американдық әнші Oliver Tree Рио-де-Жанейрода екі тікұшақтың соқтығысуынан қаза тапқан болуы мүмкін. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

AP деректері бойынша, әншінің есімі авиациялық билікке апаттан кейін берілген жолаушылар тізімінде болған. Алайда қаза тапқандардың ресми сәйкестендіруі әлі аяқталмаған.

Екі тікұшақтың соқтығысуы салдарынан алты адам қаза тапты. Апат 14 маусым күні таңертең Рио-де-Жанейроның батысындағы Рекрейо-дус-Бандейрантис ауданында болды.

Қаза тапқандар арасында аргентиналық блогер және ютубер Гаспар Прим де болуы мүмкін. Бұл ақпараттың ресми растауы әлі жоқ.

Oliver Tree — американдық әнші, рэпер және ән авторы. Ол Life Goes On, Miss You, Alien Boy және Hurt композицияларымен танымал. Оның Spotify-дағы ай сайынғы аудиториясы 11 миллионнан астам тыңдаушыны құрайды.

Бұған дейін «Курсив» Рио-де-Жанейрода (Бразилия) екі тікұшақтың әуеде соқтығысуынан алты адамның қаза тапқаны туралы жазған болатын.