Жақында үшінші рет үйленген актер Дәурен Айдарқұлов Аман Тасығанға берген сұхбатында жеке өміріне қатысты біраз сұраққа ашық жауап берді, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбеттен туылған балалалары бүгінде Дәуреннің ата-анасының қолында.
««Ақботадан туылған екі баламыз бастапқыда анасымен бірге тұрған. Бірақ Ақбота әркез сыртта жүреді. Күтушімен тұру бала үшін қиындау. Нағыз туған-туыстың махаббатын сезе алмайды. Менің анам үш баламды да тәрбиелеген. Ақбота екеуміз басымызды қосып, сондай шешімге келдік. Балалар ата-әжесімен, менің қарындасыммен тұрсын дедік. Ақботаның тұратын үйі бізден алыс емес. Сол себепті үнемі араласып отырады. Ол жағынан ешқандай мәселе жоқ», — деді актер.»
—
Дәурен Айдарқұловтың бұл сұхбатынан кейін оқырмандар актерді кінәлап түрлі пікір жазды.
««Ақботаны қор қылды ғой. Димаштың өзі ғашық еді Ақботаға», «Балаларын үлкен кісілерге бақтырып қойғаны дұрыс болмапты», «Қиындықтың бәрін ата-әжесі көріп жатыр де», «Балаларды тірі жетім етіп», деп желі қолданушылары түрлі пікір жазды.»
—