Қазақстан бокс федерациясы Қытайдың Гуйян қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар құрамын анықтады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ірі халықаралық турнирде ел намысын 17 боксшы қорғайды. Олардың ішінде 9 ер және 8 әйел боксшы бар.
Ерлер
- 0150 келіге дейін: Санжар Тәшкенбай
- 0255 келіге дейін: Тимур Қабдешов
- 0360 келіге дейін: Серік Теміржанов
- 0465 келіге дейін: Санаталі Төлтаев
- 0570 келіге дейін: Абылайхан Жүсіпов
- 0675 келіге дейін: Тимур Нұрсейітов
- 0780 келіге дейін: Сабыржан Аққалықов
- 0890 келіге дейін: Нұрбек Оралбай
- 0990 келіден жоғары: Айбек Оралбай
Әйелдер
- 0151 келіге дейін: Алуа Балқыбекова
- 0254 келіге дейін: Назым Қызайбай
- 0360 келіге дейін: Виктория Графеева
- 0465 келіге дейін: Аида Әбікеева
- 0570 келіге дейін: Лаура Есенгелді
- 0675 келіге дейін: Наталья Богданова
- 0780 келіге дейін: Валерия Аксенова
- 0880 келіден жоғары: Дина Исламбекова
Әлем кубогының кезеңі 15-21 маусым аралығында өтеді. Оған 44 елден 333 спортшы қатысады.
