Алматы қалалық полициясы Әл-Фараби даңғылында болған тағы бір жол апатаның видеосын жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

BMW жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, көліктердің арасымен қауіпті маневрлер жасаған. Сол кезде көлікті басқара алмай, музей алдындағы шар пішініндегі арт-инсталляцияға соғылған.

Көлікте болған екі адам медициналық көмекке жүгінді. Бірақ дәрігерлердің оларды қарағаннан кейін үйіне жіберді. Қазіргі кезде оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.