«Әділет» партиясы саяси кеңесінің мүшесі Рауан Кенжеханұлы жаңа саяси ұйымның Құрылтайдан қанша орын алуға мүдделі екенін айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Әділеттің» бүгінгі съезінде партия құрамына AMANAT-ты қабылдауға шешім қабылданды. Жаңадан құрылған саяси ұйымның өкілдері алдағы Құрылтай сайлауына да қатысуға мүдделі.

«Осындай жан-жақты қолдауға ие болып жатқан күштің алдына қойған мақсатына да ешқандай шектеу болмауы қажет. Біз барынша орын алуға тырысамыз», - деді Кенжеханұлы съезден кейінгі брифингте.

Айта кетері, 1 шілдеде Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енеді. Оған сәйкес, бір палаталы парламент - Құрылтай болады. Сондай-ақ, заңдарға бастамашы бола алатын Халық кеңесі құрылады.