Бүгін жаңадан құрылған ӘDILET партиясының кезекті съезінде Құрылтай депутаттығына кандидаттардың тізімі бекітілді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Тізімге барлығы 186 адам енді. Олардың ішінде қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, ғалымдар, шенеуніктер, бұрынғы мәжіліс пен сенат депутаттары бар.
Мәселен, бұрынғы мәжілісмендер Асхат Аймағамбетов, Екатерина Смышляева, Жанарбек Әшімжан, Максим Рожин, Жарқынбек Амантайұлы, Мұрат Әбенов партиялық тізімге енді. Сондай-ақ, кандидаттардың арасында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мен президент әкімшілігі басшысының орынбасары Ерлан Карин де бар.
Айта кетері, ӘDILET партиясының алғашқы съезі 7 мамырда өткен болатын. Ал 1 маусымда жаңадан құрылған саяси ұйым әділет министрлігінде тіркелді. Одан өз құрамына AMANAT партиясын қосып алды. Оған президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы жетекшілік етеді.
