«Әділет» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысында Құрылтайдың депутаттық мандатына ие болған 110 кандидаттың тізімі бекітілді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Тиісті шешім мен партиялық тізім Құрылтайдың бірінші шақырылымы депутаттарын ресми тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды.
Тізімдегі әлеуметтік көрсеткіштер
Депутаттардың 37-сі әйел (33,6%), 13-і жас (11,8%), 2-еуі мүгедектігі бар азамат (1,8%). 21-і (19%) – өзге ұлт өкілі.
Орташа жасы – 46,7 жас. Олардың қатарында Ұлттық Құрылтайдың бұрынғы 13 мүшесі, Мәжілістің 20 экс-депутаты және Сенаттың 4 экс-депутаты бар.
Жалпы, Парламентте депутаттық тәжірибесі бар 24 адам бар.
Қосымша резервтер мен мандаттар
Сонымен қатар 10 адам Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі, 4-еуі Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі, 5-еуі Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі.
Тағы 26 адам мәслихат депутаты болып сайланған.
Депутаттық мандаттар бөлінген кандидаттар тізімі
- 01Ысқақова Айжан Амангелдіқызы
