Жаңадан құрылған ӘDILET партиясы ай сайынғы жарнаны бекітті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгінгі съезд қаулысына сәйкес, жұмыс істейтін азаматтар үшін ай сайынғы жарнаның көлемі 0,1 АЕК (2026 жылда - 432,5 теңге) құрайды. Ал студенттердің жарнасы 0,01 АЕК (2026 жылда - 43,2 теңге) болады. Бірақ партия мүшесінің қалауы бойынша одан да көп төлеуге болады.
Жарна төлеуден босатылғандар: зейнеткерлер; мүгедектігі бар азаматтар; жұмыссыздар; бала күтіміне байланысты демалысқа шыққандар; мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері.
Айта кетері, ӘDILET партиясының алғашқы съезі 7 мамырда өткен болатын. Ал 1 маусымда жаңадан құрылған саяси ұйым әділет министрлігінде тіркелді. Партия өз құрамына AMANAT партиясын қосып алды. Оған президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы жетекшілік етеді.
