Әлем чемпионатының 1/8 финалында Испания мен Португалия құрамалары кездесті. Ойын Испанияның 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Командалар бірінші таймда есеп аша алмады, ал екінші таймның басым бөлігінде екі жақтың күші тең болды. Ойынның 91-ші минутта, яғни қосымша уақыттың басында испаниялық Микель Мерино гол соқты.

Ширек финалда Испания құрамасы АҚШ-ты 4:1 есебімен ойсырата жеңген Бельгиямен кездеседі.