Аргентина құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Мысырды 3:2 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ойын аяқталуына 11 минут қалғанда 2:0 есебімен ұтылып жатқан аргентиналықтар нағыз мінез көрсетті. Кристиан Ромеро есеп айырмасын қысқартса, араға төрт минут салып Лионель Месси таразы басын теңестірді. Лионель Скалони шәкірттері керемет камбэк жасап, матч соңында жеңісті жұлып алды. Осылайша жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды.
