Фото: Ақорда
Бүгін Ақордада Республика күніне орай салтанатты жиын өткізген президент Қасым-Жомарт Тоқаев әртүрлі саланың адамдарын әртүрлі деңгейдегі ордендермен марапаттап, бірқатарына жаңа атақ берді, деп жазады qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше этно-мәдени орталықтың өкіліне «Ел бірлігі» орденін табыстаса, мәдениет саласына еңбегі сіңген адамдарға «Қазақстанның халық әртісі» атағын берді.
««Мәдениет – ұлттың рухани дербестігінің кепілі. Сондықтан біз өмірін өнер жолына арнаған қайраткерлерге әрдайым құрметпен қараймыз. Руханиятымызға ерекше еңбек сіңіргені үшін белгілі өнер майталмандары – Болат Әбділманов, Тамараасар Жанқұл, Шынар Жанысбекова «Қазақстанның халық әртісі» атағына лайық деп танылды», – деп мәлімдеді Тоқаев.»
—
Соннымен бірге мәдениет саласын дамытуға зор үлес қосқаны үшін Нина Жмеренецкая, Бақыт Қажыбаев, Зарина Алтынбаева және Әйгерім Алтынбек «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.