«Артемида-2» миссиясы аясында Айды айналып шыққан «Орион» кемесі Тынық мұхитына сәтті қонды. Тарихи сапарда астронавтар адамзат бұрын-соңды бармаған қашықтыққа жетті, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.

NASA астронавтары Рид Уайсмен, Виктор Гловер, Кристина Кук және канадалық ғарышкер Джереми Хансеннен құралған экипаж Жерден 407 000 шақырымға дейін ұзады. Бұл – адамзат тарихындағы ең алыс қашықтық.

Сондай-ақ сапар барысында астронавтар жаңа скафандрларды сынақтан өткізді. Бұл киімдер автономды режимде алты күнге дейін өмірді қамтамасыз ете алады.

NASA-ның YouTube арнасындағы тікелей трансляцияны үш миллионнан астам адам тамашалап, тарихи сәтке куә болды.