Рудный қаласында 19 жастағы бозбала қаза тапты, екі күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.

Қостанай облыстық прокуратурасының мәлімдеуінше, оқиға 2026 жылғы 23 қаңтарда болған. Күдіктілер — 2008 және 2009 жылдары туған жасөспірімдер. Қазіргі уақытта оларды анықтау және ұстау мақсатында ел көлемінде жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу прокуратураның ерекше бақылауына алынған.

Фото: Freepik