Мексика астанасы Мехикодағы аты аңызға айналған Ацтека стадионы көп жылғы жөндеуден кейін әлем чемпионатын қарсы алуға дайын. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Турнирдің алғашқы ойыны бейсенбі күні өтеді. BBC тілшісі Уилл Грант үлкен арена ішіне кіріп, стадионның жаңа келбетін көрсетті.