Фото: azh.kz

Мұнай-газ саласының сарапшысы Абзал Нарымбетов Теңіз кен орнындағы дрон шабуылының салдары Қазақстан экспортының қаншалықты осал екенін айқын көрсеткенін айтты, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, шабуылдан кейін Каспий құбыр консорциумының (КТК) бірқатар нысандары жұмысын тоқтатқан:

ВПУ-3 толық істен шыққан, ал ВПУ-2 екі аптадан бері жөндеуде. Қазір ел тек бір ғана ВПУ-1 арқылы мұнай жөнелтуге мәжбүр болуы мүмкін. Бұл экспорт көлемі мен өндіріс үшін бірден үлкен тәуекел туғызады.

Сарапшының айтуынша, негізгі мәселе — бір ғана экспорттық дәлізге тым тәуелді болу. Соңғы 11 жылда Қазақстан мұнайының КТК арқылы өтетін бөлігі 40%-дан 80%-ға дейін өскен:

  • 012013 — 40%
  • 022016 — 66%
  • 032019 — 76%
  • 042021 — 81%
  • 052024 — 80%

Осылайша КТК іс жүзінде Қазақстан мұнай экспортының жалғыз, дерлік монополиялық бағытына айналған.

Ал диверсификация қайда?

Абзал Нарымбетов соңғы 3–3,5 жылда балама бағыттарды дамыту бойынша айтарлықтай ештеңе жасалмағанын айтады.

Оның айтуынша:

  • 012022 жылдан кейін геосаяси жағдай түбегейлі өзгерді;
  • 02КТК-ның бірнеше мәрте тоқтауы резервтік бағыттардың қажет екенін көрсетті;
  • 03“Каспий арқылы балама дәліз” тек сөз жүзінде қалды;
  • 04Баку немесе Қытай бағыты тәуекелді төмендететіндей деңгейге жетпеді.

Сарапшының пікірінше, бұл тек КТК-ның техникалық проблемасы емес — ұлттық деңгейдегі стратегиялық қауіп.

Қазір Қазақстан мұнайы кез келген форс-мажорда “жедел түрде қайта бағытталуы тиіс”, бірақ қайта бағыттайтын жер жоқ — себебі балама маршруттар алдын ала кеңейтілмеген.

Абзал Нарымбетов шынайы, ұзақ мерзімді диверсификация бағдарламасы қажет екенін айтады. Ол мына қадамдарды қамтуы тиіс:

  • 01Каспий бағытындағы логистиканы ұлғайту;
  • 02Баку–Тбилиси–Джейхан дәлізін тұрақты және көлемді коридорға айналдыру;
  • 03Шығыс бағытын күшейту;
  • 04Танкерлік және құбырлық маршруттарды біріктіретін аралас модель;
  • 05Меморандум емес, нақты инфрақұрылым мен қуаттарды іске қосу.

Сарапшының сөзінше, осы бағыттар іске аспайынша, бүгінгідей жағдайлар қайталана береді.