"Атамекен" кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов түрмеден шықты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
2024 жылы Мырзахметов екі жыл алаяқтық жолмен 13,9 млрд теңгені жымқырғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Түрмеде өткізген екі жылдың ішінде ол бірнеше рет көзге түсіп, оң тәртіптің екінші деңгейіне жеткен. Осының негізінде сотқа жүгініп, жазаның қалған мерзімін бас бостандығын шектеуге ауыстыруды сұраған. Сот оның өтінішін қанағаттандырды.
Мырзахметов бостандыққа шықса да, бір жылдан астам уақыт бойы пробациялық бақылауда болады. Осы уақыттың ішінде заңмен белгіленген шектеулерге бағынуы тиіс. Қазақстан аумағынан шығуға да тыйым салынған.
Айта кетері, екі жыл бұрын Мырзахметов ісі бойынша мемлекетке қосымша 7 млрд теңге қайтарылған.
